+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінде 24 қазан кітапханашылар күніне орай 2023 жылдың 23-27 қазан аралығында "Артық білім кітапта" ағарту апталығы басталды. Колледж қабырғасында аталған апталыққа орай 26 қазан күні 13 м/і тобымен "Кітап - рухани жаңғыру құралы" атты танымды сабақты оқытушы Битенова Т.Ә. өткізді. Мақсаты: сапалы білімнің сенімді кепілі кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз екенін жастарға ұғындыру. Іс-шара барысында студенттер білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланулары керек екендіктерін түсінді. Ол үшін кітап оқыған адам білімді адам. Ал білімді адамы бар елде өсу мен өркендеу болады. Мемлекетімізді білімді жастар ғана дамыта алатынын студенттеріміз ұғынды. Іс-шара өз деңгейінде өтті.

  Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінде 24 қазан кітапханашылар күніне орай 2023 жылдың 23-27 қазан аралығында "Артық білім кітапта" ағарту апталығы басталды. Кітапхананың оқу залында аталған апталыққа орай 24 қазан күні "Кітап - алтын қазына" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларды көркем әдебиет оқуға қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорын мәдениетін қалыптастыру. Кітапханашылар білім алушыларды жасалған кітап көрмесімен таныстырып, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды ғылым мен білімнің кітап оқу арқылы келетінін және кітапты көп оқығанда адамның ой-өрісі артатынын түсіндіріп айтып кетті. Көрмеге қойылған кітап туралы нақыл сөздерге түсінік беріп, студенттермен ой бөлісті. Сондай-ақ көрмеге қойылған ақын жазушылардың шығармаларымен таныстырылды. Студенттер оқу залындағы жасалған кітап көрмесіне қызығушылық танытып, кітап оқудың терең тәрбиелік мәнін түсініп, кітап оқитын қоғамға өз үлестерін қосуға ниет білдірді.

  Астана қаласы Жоғары медициналық колледжнде 24 қазан кітапханашылар күніне орай 2023 жылдың 23-27 қазан аралығында "Артық білім кітапта" ағарту апталығы басталды. Колледж қабырғасында аталған апталыққа орай 24 қазан күні 114 бакалавр тобымен "Бірінші таңбалардан қағаз беттерге дейін" атты танымды сабақты оқытушы Несіпбаева З.Ж. откізді. Мақсаты: білім алушыларға алғашқы әріптер мен жазушылардың қалай пайда болғанын зерттеулер арқылы насихаттау, тарихи деректермен ой бөлісу. Білім алушылар "Бірінші таңбалардан қағаз беттерге дейін" атты танымдық сабаққа ерекше қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Олар тарихқа тереңірек үңіліп көптеген қызықты зерттеулер ді талқылады. Көптеген тасқа қашалып жазушылардың сырына қанық болды.

  2023 жылдың 24 қазанда Астана қаласы Жоғары медициналық колледж акт залында 25 қазан Республика күніне орай кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырды.

  Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінде 24 қазан кітапханашылар күніне орай 2023 жылдың 23-27 қазан "Артық білім кітапта" ағарту апталығы басталды. Апталықтың алғашқы күні 23 қазанда кітапханашы Омарова А.Т. "Ашық кітапхана" іс-шарасын өткізді. Мақсаты: кітап мұрасын насихаттау, кітапхана қорымен, құнды кітаптармен таныстыру. Кітап оқу мәдениетіне тарту. "Ашық кітапхана" күніне келуші әр оқырманға кітапхана қызметкерлері кітапхана қорындағы барлық мамандықтар саласына арналған арнайы оқулықтар мен және электронды басылымдарға толық мәлімет берді. Сонымен қатар мерзімді басылымдарда таныстырылып, айтылды. Оқу залы, көркем абонемент залдарындаға көркем әдеби кітаптарға да таныстыру жүргізілді. "Ашық кітапхана" күні оқырмандарға жаңа кітаптармен қатар, кітапхана жұмысының жұмыс барысы да көрсетілді.

  04.10.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» директоры К.Ж.Хамзин семинар-тренинг өткізді. 
Ж.Хамзин білім алушыларға «Шылым және денсаулық», «Насыбай және кальян» тақырыбында лекция оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратып, денсаулыққа зиянды заттар жайлы презентация ұсынды. Студенттер тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.

 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс