+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  30.10.2023 ж. № 3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері А.Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері арасында, «Ескерту. Қорғау. Егу!» ұлттық бағдарламасы аясында «ЖРВИ. Иммундау» тақырыбында семинар-тренингін өткізді. Семинар барысында жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ, ұйымдасқан топтарда оңай таралатын аурулардың алдын алу қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы, халықты иммундау және иммунитет мәселелерінде хабардарлықты арттыру мәселелері айтылды. Жұқпалы аурулардың алдын алуға қатысты студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

  Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінде 24 қазан кітапханашылар күніне орай 2023 жылдың 23-27 қазан аралығында "Артық білім кітапта" ағарту апталығы басталды. Колледж қабырғасында аталған апталыққа орай 27 қазан күні 14 мейіргер ісі тобымен "Кітаппен жарқын әлемге" атты әдеби викториналық кешті оқытушы Лаубаева А.Т. өткізді. Мақсаты: жастарға рухани байлықтың бәрі кітаптан табылатынын насихаттау. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Білімнің қайнар көзі кітап екенін ұғындыру. Аталған іс-шарада студенттерге кітап жайлы және әдеби викториналық сұрақтарға қызыға, бір-бірімен ақылдаса жауаптар берілді. Іс-шараға қатысушылар кітап оқуға деген қызығушылықпен өте белсенді қатысты. Бұндай әдеби викториналық кештердің жастар үшін маңызды өте зор екені айқындалды.

2023 ж. 26 қазан күні  колледжде әдістемелік кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастылды: 

1. Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу. 
Баяндамашылар:  Кулахметова Р.М. - колледж психологі,  Абдикадирова  Б.К. – әлеуметті  педагог.

2. Оқытушының кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін арттыру – келешек мамандардың сапасын арттыру шарттарының бірі. (Қызметтің осы бағытында аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындылау). Баяндамашылар: Анарова А.А. - арнайы пәндер оқытушысы,  Жакупова М.О. – жалпыкәсіптік пәндер   оқытушысы.                                                                                                                                                                                                                                                                                              
3.Колледжде кітапхананың  оқу-тәрбие үрдісінде оқу-әдістемелік қамтамасыз ету рөлі. Баяндамашы: Бурамбаева М.Е. - кітапхана  меңгерушісі
4. Әр түрлі сұрақтар.

Отырыс барысында   оқылған  баяндамалар  бойынша  сұрақтар көтереліп,  талқыланды.  

  24.10.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Қазақстан Республикасы күніне арналған «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру – бұл ең үздік мәдениет!» атты жасөспірімдердің дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысу, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылған акциясына қатынасты. Акция аясында спорттық эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Эстафетаға Астана қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» директоры К.Ж.Хамзин және колледждің дене тәрбиесі оқытушылары төрешілік етті. Тартысты да қызықты спорттық ойындардың нәтижесінде орын алған команда студегнттерін К.Хамзин марапаттады.   

І орын – 14 м/і тобы
ІІ орын – 13 м/і тобы 
ІІІ орын – 12 «Стоматология» 
ІІІ орын – 11 м/і тобы білім алушылары иеленді.

Құттықтаймыз!!! 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс