+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

29 сәуір күні «Астана» концерт залында «Медициналық-әлеуметтік көмек» құзыреті бойынша «WorldSkillsNur-Sultan - 2022» кәсіби шеберліктің 3-ші қалалық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Жоғары медициналық колледжінің директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тіледі.

26.04.2022 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы Ұлттық колледж лигасы шеңберінде студенттер арасында футзалдан өткен жарыста ІV орынға ие болғаны үшін «Жоғары медициналық колледж» және «Үздік ойынша» номинациясымен 135 м/і тобының студенті Даиров Қайсар марапатталды. Алдағы уақытта сәттілік және жеңіс тілейміз!

23.04.2022 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК оқытушылары мен студенттері «Бірге таза Қазақстан» экологилық айлық аясында қалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікте студенттер бөлінген аумақтарды қоқыс қалдықтарынан тазартып, бас қаламыздың таза болуына үлес қосты.

23.04.2022 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК оқытушылары мен студенттері «Бірге таза Қазақстан» экологилық айлық аясында қалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілікте студенттер бөлінген аумақтарды қоқыс қалдықтарынан тазартып, бас қаламыздың таза болуына үлес қосты. Сенбілік соңында білім алушылар көңілді Тикток бейнероликтерін түсірді.

22.04.2022 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де «Бірге таза Қазақстан» экологилық айлық аясында «Эко-сән 2022» атты байқауы өтті. "Эко-сән" - қазіргі заманның талабы және жаңа сән философиясы, бұл этика мен эстетиканың үйлесімі.

21 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК студенттері «Фолиант» баспасы ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Eurasion Book Fair 2022» атты халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысты.

Көрме барысында студенттер мазмұнды алуантүрлі: рухани-ағарту, мәдениет, қоғамдық және кәсіпкерлік саласындағы кітаптармен танысты.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс