"Көмектес" акциясы аясында
- Қаралды: 1113
"Көмектес" акциясы аясында колледждің волонтер студенттері Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған балалар үйіне барып, балаларды серуендетті.
"Көмектес" акциясы аясында колледждің волонтер студенттері Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған балалар үйіне барып, балаларды серуендетті.
Нұр-Сұлтан қаласы Жоғары медициналық колледжінде кітапханашылар 31 мамыр - Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Жалындап өшкен ғұмырлар" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Студенттік арбат» Нұр-Сұлтан қаласы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағытында ауқымды шара өтті. Іс-шараға колледждің оқытушылары мен студенттері қатысып, мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Студенттер өз мамандығының маңызды да, күрделі қыр-сырымен бөлісті.Түлектерге ақ жол тілеп, медицина мамандығын таңдауға шақырды.
2022 жылдың 20 мамырда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ референдум бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн вебинар өтті. Онлайн вебинар спикерлері: 91 партиялық тобының жетекшісі - Арапбай Меруерт Алімбайқызы-Болашақ, тарих пәнінің мұғалімі - Бегилдаева Тынық Бейсеновна болды. Колледж студенттері референдумге қатысып, сұрақтарға жауап алды.
19.05.2021 ж. күні түрде колледжішілік «ҒЫЛЫМ. ІЗДЕНІС. ЖАҢАШЫЛ-2022» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаттары мен міндеттері:
Білім беру бағдарламалары шеңберінде студенттер мен оқытушылардың интеллектуалды бастамасын дамыту.
Ғылыми ойлау жүйесін дамытудың алғышарттарын, өз қызметіне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
Болашақ мамандардың жалпы және коммуникативті мәдениет деңгейін көтеру.
Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні «Жоғары медициналық колледж» педагогикалық ұжымы арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сауал аясында өткізілетін Республикалық референдум бойынша колледж әкімшілігі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.