+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Елордада Pfizer-мен вакциналау алғашқы буын медұйымдарында және "Абу Даби Плаза" СОО-дағы вакциналау пунктінде жүргізіледі.

Алайда, қазіргі уақытта вакцинация модуліне Pfizer вакцинасы бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанына назар аударып, пациенттің деректерін сандық базаға, яғни электронды түрде енгізу әлі мүмкін емес екенін хабарлаймыз. Бұл жұмыс біраз уақыт қағаз жүзінде жүргізілетін болады. Барлық деректерді толтыру бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

18 наурызда Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қабырғасында елордалық жастардың өкілдерімен кездесті.

Наурыз мейрамын тойлау аясында колледжіміздің студенттері де шет қалмады. Сонымен, 18 наурызда «Төрлет, төрлет әз Наурыз!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік репертуарда Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың сүйікті халық әндері, билері болды. Кеш мәнді өтті, мерекелік концерт кезінде залда мейірім, көңілділік пен шаттық орнады.

2022 жыл 17 наурыз күні колледж оқытушылары арасында «Ұлы Наурыз, құт-береке!» атты Наурыз мерекесіне арналған  мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, оқытушыларды марапаттады. Әр цикл оқытушылары «Абай мен Айгерім», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Төлеген мен Қыз Жібек», «Ләйлі – Мәжнүн» cияқты сүйіспеншілік пен махабаттың символына айналған ғашықтар жайлы көріністер мен музыкалық қойылымдар қойды. Наурыз дастарханында бас қосқан ұжым көңілді күй мен концерттік бағдарлама тамашалады. Наурыз елімізге бақ береке әкелсін деген бата тілек, ыстық лебіздер білдірілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін талқылау өтті.

16 наурызда Елбасы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялағаны белгілі. Биылғы Жолдау саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға және жақын арада жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларға арналған. Жақында болатын өзгерістер жаңа мемлекеттің құрылуына ықпал етеді.

Колледжде өткен дөңгелек үстелде Елбасының ел игілігі үшін ұсынған нақты қадамдары сөз болды. Мұғалімдер мен студенттердің айтуынша, өзгерістер Қазақстанды жаңа деңгейге шығарады.

16.03.2022 ж. "Жоғары медициналық колледж" Студенттік Парламент көшбасшылары жастар арасында еріктілер белсенділігін арттыру мақсатында "Әлеуметтік жобалардағы еріктілер санын қалай арттыру қажет" атты Республикалық Студенттік Парламент көшбасшылары арасында өткен конференцияға қатынасты.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс