8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қабырғасында елордалық жастардың өкілдерімен кездесті

18 наурызда Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қабырғасында елордалық жастардың өкілдерімен кездесті.

Кездесуді аша отырып, ол қазіргі уақытта Ортсайлауком еліміздің барлық өңірлеріне арнайы сапарға шығып, сайлау процесін жетілдіру мәселелері бойынша жұртшылықтың пікірін зерделеу жұмыстарын қолға алып отырғанын атады. Ал өз кезегінде, жастар сайлаушылардың 36% жуығын құрайтынын, яғни олар электораттың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып отырғанын атап өтті.

3 сағаттық кездесу барысында пропорционалды және мажоритарлық сайлау жүйелерін енгізу, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын және пікірсайыстарды ұйымдастыру кезінде әлеуметтік желілерді пайдалану, сондай-ақ жастарды сайлау науқанымен хабардар ету мәселелері белсенді түрде талқыланды.

Жастар ұйымдарының өкілдері жас буын арасындағы құқықтық сауаттылықты және сайлау мәдениетін арттыру мақсатында оларды арнайы оқытуды көздейтін тиісті іс-шараларды қолға алуды ұсынды.

Нұрлан Әбдіров жастардың ұсынысын қолдап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жолдауында ел азаматтары арасында саяси мәдениетті арттыру қажеттігіне баса назар аударғанын, ал электораттық мәдениет оның маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Сондықтан Ортсайлауком бұл мәселеге ерекше назар аударатын болады.

Кездесу барысында Ортсайлауком жастар арасындағы сайлау процесінің кейбір маңызды мәселелері бойынша онлайн-сауалнама жүргізді: сауалнамаға жауап берген жастардың 54,5%-ы компьютер, смартфон, планшеттерді пайдалана отырып, қашықтықтан, яғни электрондық әдіспен дауыс беру жүйесін енгізуді қолдайтындарын білдірді. Ал олардың 10,1%-ы сайлау учаскелерінде стационарлық электрондық әдіс арқылы дауыс беруді орынды деп санаса, 27,8%-ы аралас электрондық дауыс беруді (стационарлық және қашықтықтан) жөн деп санады. Сондай-ақ, жастардың 7,6%-ы қағаз бюллетені бойынша, яғни дәстүрлі түрде дауыс беру әдісін қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша жастар өкілдері Ортсайлауком Төрағасына сайлау процесінің өзекті мәселелері бойынша ашық диалог ұйымдастырып отырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы: «Мен осы дәуірімізде баршаңызбен замандас екенімді, сонымен бірге өз елімізді, осындай қаламызды және саяси сауатты, белсенді әрі креативті жастарымызды әрдайым мақтан тұтамын» деп атап өтіп, жастарға өз ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, осы күні Нұрлан Әбдіров IKOMEK 109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында болып, call-орталықтың сайлау кезіндегі жұмысымен танысты.

  • 01
  • 02
2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс