8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің студенттері мен оқытушылар сенбілікке қатысты.

Еске сала кетейік, елорданың барлық аудандарында "Бірге — Таза Қазақстан"экологиялық айлығы өтуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандыратын болады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындарының серуеніне орын жасап қана қоймай, қаланың климаттық жағдайын жұмсартуға мүмкіндік береді.

2021 жыл 13 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледж білім алушылары Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, №6 қалалық емханасының бас дәрігері Байсеркина Динара Сатжановнамен кездесуі өтті. Ол бітіруші курс студенттерімен кездесіп, өзінің еңбек жолы мен өмірбаяны, медбикенің жұмысы және №6 емханаға жұмысқа орналасқан ЖМК түлектерінің жетістіктері туралы айтты. Жас мамандарды қолдау шаралары туралы айтып, болашақ медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна Динара Байсеркинаны колледждің тарихымен, мамандарды даярлау бағдарламаларымен, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысымен, оқу базасының жағдайымен таныстырды.

Құрметті, Жоғары медициналық колледж студенттері!

2021 жылдың 13-18 қыркүйек аралығында «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенттігіне үміткерлікке  өтініштер қабылдаймыз.

Президенттікке сайлау ІІ турдан тұрады:

І тур - 20.09-25.09 аралығы - Өтініш берілгеннен кейін «Мен президент болсам...» атты тақырыпта эссе жазу. Эсседен өткен студенттер ІІ турға жіберіледі.

ІІ тур - 27.09-30.09 аралығы «Өзін-өзі басқару» ұйымының саналы басшысы ретінде колледж абыройы мен студенттерінің әлеуетін көтеруде қандай бағдарламалар ұсынаалатындығыңыз жайлы ақпарат беру. (Өзіңіз жайлы қысқаша мәліметті қоса).

Сайлау 01.10.2021 ж.

Cағат: 08.00-20.00-ге дейін.

Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде "Право" қоғамдық қорының психологтары Н. Амангелдіқызының, Д.Р. Менденованың қатысуымен "Күйзелістегі өзін-өзі қалпына келтіру" тренингі өтті.

Тренинг бірінші курс студенттері үшін онлайн форматта өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің студенттері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана Жастары" КММ бастамасымен құрылған "Taza Alem 2021" экожобасы аясында сенбілікке қатысты.

"Астана жастары" жастар ресурстық орталығының өкілдері студенттер үшін барлық қажетті құрал-саймандарды, суды, тіскебасарды және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті.

Еске сала кетейік, елорданың барлық аудандарында "Бірге — Таза Қазақстан"экологиялық айлығы өтуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандыратын болады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындарының серуеніне орын жасап қана қоймай, қаланың климаттық жағдайын жұмсартуға мүмкіндік береді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс