Жоғары медициналық колледжінің еріктілері қала тұрғындарына ауқымды сенбілікке қатысуға шақыратын парақшалар таратуда
- Қаралды: 1105
Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің еріктілері қала тұрғындарына ауқымды сенбілікке қатысуға шақыратын парақшалар таратуда.
Жалпы қалалық сенбіліктер 15 қазанға дейін жалғасатын "Бірге таза Қазақстан" экологиялық айлығы аясында өткізіледі. Осы уақыт аралығында елордалық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және кез-келген адам қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша өз үлестерін қоса алады.
Студенттер қала тұрғындарына жолдың жүру бөлігіне дейін өзінің және оған іргелес аумақты тазалау, терезелер мен витраждарды жуу, қураған ағаш пен арам шөпті шабу, турникеттер мен қоршауларды жуу және қажет болған жағдайда бояу қажеттілігі туралы айтады.
Біздің еріктілер Нұр-Сұлтан тұрғындарына бір негізгі ойды жеткізуге тырысты-тек ортақ күш-жігердің арқасында елордалық қаланы әдемі және жайлы етуге болады.
"Қаланың барлық тұрғындары елордамыздың көшелерін, өз учаскелері мен үйлерінің аумақтарын қоқыстан тазарту бойынша акцияға қатысады, ал шағын аудандардың тұрғындары аулалардың тазалығын бірге бақылайтын болады деп үміттенеміз", - деп атап өтті үшінші курс студенттері Ерғалиева Сәуле және Қайратқызы Аякөз.