8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Жоғары медициналық колледжде дипломдар табысталды. Биыл 264 студент көптен күткен дипломдарын алды. Әр жолы бұл қуанышты және сонымен бірге сәл қайғылы оқиға, колледж басшылығы, оқытушылар құрамы үшін де, студенттер мен олардың ата-аналары үшін де бірдей маңызды.

Іс-шара онлайн форматта өткізілді. Жоғары медициналық колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна түлектерді колледжді бітіруімен құттықтады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" МКК директоры Кулушева Гүлнар ЕРЕЖЕҚЫЗЫНАН түлектер атына көптеген жылы сөздер айтылды. Өзінің бейне үндеуінде ол түлектерге қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға және білім жолында алға ұмтылуға тілек білдірді және түлектерді альма-матердің туған қабырғаларын ұмытпауға және жаңа технологияларды үздіксіз меңгере отырып, озық тәжірибені игере отырып, оқуын жалғастыруға шақырды, сондай-ақ колледждің оқытушылық ұжымына алғысын білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Жоғары медициналық колледжі" МКК барлық түлектерге сәттілік және жаңа, ересек өмірде көптеген табыстар тілейді! Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!

Ағымдағы жылғы 25 маусымда Жоғары медициналық колледжде Білім басқармасы Қазақстан Республикасында қүқық бұушылықтың алдын-алудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 26 маусым - Халқаралық нашақорлыққа карсы күрес күніне орай іс-шара өтті. Дәрістің спикері СӨС оқытушысы, психикалық денсаулық орталығының дәрігері Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы болды. Аталған іс-шаралар азаматтардың назарын нашақорлық және есірткі қолдану проблемаларына аударуға, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыруға, жасөспірімдер мен жастардың есірткіге қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, есірткіні медициналық емес тұтынудың теріс салдары туралы және олардың заңсыз айналымына қатысқаны үшін жауапкершілік туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.

24.06.2021 ж. Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде әдістемелік кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Колледжішілік оқу-әдістемелік жұмысын қорытындылау. Оқытушылардың аттестациясының, 2020-2021 оқу жылында біліктілігін арттыру қорытындылары. Жаңа оқу жылына міндеттер. Баяндамашы: Оқу-әдістемелік бөлім басшысы
  2. Электив пәндерінің каталогын қарастыру және бекіту. Баяндамашы: Директордың оқу-өндірісітік жөніндегі орынбасары.

Колледж директоры Акбала Нурсеитовна күн тәртібімен таныстырып, отырысты ашты. Оқу-әдістемелік бөлім басшысы 2020-2021 оқу жылында атқарылған істерді қорытындылады. Директордың оқу-өндірісітік жөніндегі орынбасары электив пәндер каталогы туралы жан-жақты мәлімет берді.

Ағымдағы жылдың маусым айының 18 күні Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде Медицина қызметкерлері күніне орай колледж қызметкерлеріне салтанатты жиын өткізілді.

Шара барысында колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна сөз сөйлеп, болашақ медицина мамандарын даярлауда жеткізген жетістіктері үшін заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті мамандар - Жаупанова Зубайда Жумабековна «Мейіргерлік істі дамытуға қосқан үлесі» үшін төс белгісімен марапатталды және сондай-ақ өз ісінің маманы оқытушы Теслина Галина Николаевнаға "Медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін" төс белгісімен марапатталды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс