8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

30 қыркүйек 2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде әдістемелік кеңес отырысы өтті. Колледж директоры Ақбала Нұрсейтітқызы Саржанова педагогикалық ұжымға күн тәртібін таныстыра отырып, отырысты ашты.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенті Гептина Дарья ҚР Тілдер мерекесіне арнап, Мұқағали Мақатаевтің «Отан» өлеңін оқып тарту етті. Ұлты неміс болса да қазақ тілін жақсы меңгерген студент, қазақ халқына деген құрметі шексіз.

2020 жылғы 19 қыркүйек пен 19 қазан аралығында өткізілетін қалалық коммуналдық сенбілік аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК 2020ж. 19 қыркүйек күні  сенбілік өткізді.

Сенбілікте колледж қызметкерлері колледж маңын тазалап, бір кісідей атсалысты. Тазалық – денсаулық кепілі!

17 қыркүйек 2020ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-нің «Жас қауырсын» ақындар клубы мүшелері ҚР Тілдер мерекесіне орай «Жырым – тілім» атты жас ақындар мүшәйрасы аясында онлайн бейне ролик байқауын жариялады.

Байқау 2020ж.17 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жеңімпаздар Диплом, Алғыс хаттармен марапатталады.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де «Балаларға назар аудару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Онлайн кездесуге «Алматы» ауданы ОЮП ОМПС полиция капитаны Каримова Айсулу Амангелдиевна, №15 қалалық емхана дәрігері Ливак Яна Леонидовна және психологі Алиакпарова Жанна Амангельдиевна шақырылды.

Отбасындағы жасөспірімдердің қарым-қатынасына байланысты мәселелер айтылды. Жасөспірімдермен өтпелі кезең, кәмелетке толмағандардың деструктивті мінез – құлқы мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

2020 ж. 15 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК студенттері Қазақстан Республикасының 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесі қарсаңында «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты онлайн челленджін бастады. Челлендж 111 «Емдеу ісі» фельдшер тобы студенттерінің құттықтауларымен басқа топ студенттеріне жолданды. Тіл – әрбір елдің жаны. Қабыл алыңыздар!

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс