«Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында онлайн-семинар өтті
- Қаралды: 1123
2020 жыдың 14 қазанында, Бүгін колледжімізде, Microsoft Teams платформасы арқылы “Нұр-Сұлтан қаласында оқып жатқан жастар арасында ЖҚТБ-ның, нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында онлайн-семинар өтті, оған колледж әкімшілігі мен студенттері қатысты.⠀
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің Есірткі бизнесінің алдын алу және оған қарсы күрес басқарма бөлімінің бастығы С. С. Ильиных, “ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық” МКҚК педагогі А. Т. Тұрымова және нарколог дәрігер Т. Т. Қойшыбеков баяндама жасады.⠀
Аталған семинардың мақсаты жұртшылықтың назарын АҚТҚ- инфекциясын жұқтырудың, есірткі құралдарын пайдаланудың алдын-алуға аудару, есірткінің жағымсыз салдары туралы хабардар ету, сондай-ақ жастардың оны пайдалануға теріс көзқарасын қалыптастыру болып табылады.⠀