8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

2023 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласы "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК қабырғасында жалпы гуманитарлық пәндер оқытушысы К.К.Шмаева "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі" атты әдеби печа-куча өткізді. Аталған іс-шараға 11м/ і тобының студенттері қатысты. Бүгінгі таңда мемлекет дамуының басым бағыты қоғамның мәдениеті мен білім деңгейі. Жаңа ақпараттық қоғамда жастарға қойылатын талаптар артып келеді. Бірақ бүгінгі таңда елімізде кітап оқудың қалыптасқан моделі жоқ, ол даму, қалыптасу кезеңінде. Іс-шараның мақсаты: қоғамымызда кітап оқудың жаңа моделін құру кезеңінде заманауи прогресс пен дәстүрлі ақпарат көздерінің өзара әрекеттесуін көрсету.

Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледжінде" 2023 жылғы колледж түлектерінің жұмысқа орналастыру жәрменкесі өткізіліп, "Емдеу ісі", "Акушерлік ісі", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша 100% түлектер жұмысқа орналастырылды.

07.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж Студенттік Парламентінің Дебат фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Гендік модификацияланған өнімдердің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өтті. Британдық формат түрінде ұйымдастырылған дебаттың басты мақсаты сыпайы қарым-қатынас, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, өзге адамдардың пікірін құрметтеу, дәлелдер келтіре отырып, кәсіби мамандыққа байланысты термин сөздерді қолдануды үйрену.

06.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары Астана қаласы мектептері ата-аналарының жиналыстарына қатысып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Колледж оқытушысы Әбдіқадыр А.Ж. №70 мектеп-лицейінде болып, ата-аналарға колледж дайындайтын мамандықтар жайлы ақпараттар берді, видео-ролик көрсетіп, ата-аналар тарапынан берілген сауалдарға жауап берді, түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

06.04.2023ж. Жоғары медициналық колледжде өткен «Ашық есік» күніне Астана қаласы №29 орта мектеп, №28 мектеп-лицей оқушылары келіп, колледж дайындайтын мамандықтары мен колледждің оқу базасы таныстырылды. Видеоролик көрсетілді.

05.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театрында болған Т.Ахметжанның «Таптым.Ғашық болдым.Жоғалттым» атты мюзикл қойылымына барды. Қойылым студенттерге ұнады, естелікке суретке түсті.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс