8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

Ағымдағы жылдың 22 қаңтары күні “Жоғары медициналық колледж” базасында білім алушылардың  ІІ – семестрін офлайн ұйымдастырудың алғашқы шарттарын түсіндіру мақсатында 1 курс  қазақ тобы студенттерінің ата-аналарымен “Аралас оқыту тәртібі – ата-аналар көзқарасында” атты онлайн жиналыс өтті.

Жиналыста колледж директоры Саржанова Акбала Нұрсейітқызы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 25 желтоқсандағы №68 «Шектеу карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.

18-22 қаңтар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ТжКБ жүйесіндегі педагогтың кәсіби дамуы» атты 40 сағат көлеміндегі курстан 15 оқытушы өтіп, сертификатпен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында әлеуметтік педагог Қожахметова Айгерім Нурланқызы және жастар ісі жөніндегі комитет инспекторы Қазжанова Айгерім Еркінқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «No 8 ІТ мектеп-лицей” КММ  оқушыларына колледж туралы мәлімет берді.

2020 жылдың 31 желтоқсаны күні «Жоғары медициналық колледж» директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітовна колледж ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Құттықтау барысында жақсы тілектерін жолдап, оқытушыларды Мақтау қағазы және Алғыс хатпен марапаттады.

«Қосымша Халықаралық кәсіптік білім беру орталығының» 2020 жылдың 7 қарашасы мен 30 желтоқсан аралығында ұйымдастырған оқушылар мен студенттер арасындағы ІІ Халықаралық пәндік олимпиадасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен»  ШЖҚ МКК биология пәні бойынша Ахметова Құралай Даулетбекқызының жетекшілігімен  1 курс студенттері қатысып, І дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс