“Жоғары медициналық колледждің” жас оқытушылары ұйымдастырылған әртүрлі курстар мен семинарларға қатысып, өз біліктіліктерін арттыруда
- Қаралды: 1089
Ағымдағы жылдың 18-22 қаңтары аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ТжКБ жүйесіндегі педагогтың кәсіби дамуы» атты 40 сағат көлеміндегі курстан жас оқытушылардың ішінен 3 оқытушы: Битенова Тоқжан Абдімәлікқызы, Тукибаева Мадина Сериковна, Балтабекова Салтанат Аллажаровна өтіп, сертификатпен марапатталды.⠀
23 қаңтар күні «БІЛІМ» қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты ұйымдастырған «АКТУАЛЬНЫЕ ПОДХОДЫ К АНАЛИЗУ СОВРЕМЕННОГО УРОКА» тақырыбы бойынша қашықтан оқыту семинарына (вебинар) жас оқытушылар арасынан 2 оқытушы: Тургынова Жадыра Орынбековна және Арынбекова Акмарал Абзаловна қатысып, сертификатпен марапатталды.
Құттықтаймыз.⠀