8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің студенттері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана Жастары" КММ бастамасымен құрылған "Taza Alem 2021" экожобасы аясында сенбілікке қатысты.

"Астана жастары" жастар ресурстық орталығының өкілдері студенттер үшін барлық қажетті құрал-саймандарды, суды, тіскебасарды және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті.

Еске сала кетейік, елорданың барлық аудандарында "Бірге — Таза Қазақстан"экологиялық айлығы өтуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандыратын болады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындарының серуеніне орын жасап қана қоймай, қаланың климаттық жағдайын жұмсартуға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК хабарлайды, 25.08.2021ж. дейін күндізгі ақылы оқу түріне орта білімнен кейін көрсетілген мамандықтар бойынша  құжат қабылдау жалғастырылады:

  1. Емдеу ісі (фельдшер біліктілігі) қазақ тілінде-50 орын;
  2. Лечебное дело (квалификация фельдшер) на русском языке -25 мест;
  3. Медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике), қазақ тілінде-50 орын;
  4. Медбикелік іс (қолданбалы бакалавр), қазақ тілінде-15 орын;

20 қыркүйек 2021ж. дейін кешкі бөлімге Медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике) мамандығына қазақ және орыс тілінде қабылдау жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері С.Бейсенованың 2021 жылғы 14 шілдедегі «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларын қатаңдату туралы» қаулысының 4.17 тармақшасына сәйкес абитуриенттерді колледжге түсу үшін құжаттар қашықтық режимінде тапсырылады!

Құжаттарды PLATONUS платформасында http://45.8.118.197:8080 сілтеме бойынша тапсырылады, нұсқаулық www.hmc-astana.edu.kz сілтеме бойынша колледж сайтында көрсетілген.

Байланыс телефоны: (87172)33-15-67

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Иранова Айнар сот. 87016022433

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс