8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

№6 қалалық емханасының бас дәрігерімен кездесуі өтті

2021 жыл 13 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледж білім алушылары Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, №6 қалалық емханасының бас дәрігері Байсеркина Динара Сатжановнамен кездесуі өтті. Ол бітіруші курс студенттерімен кездесіп, өзінің еңбек жолы мен өмірбаяны, медбикенің жұмысы және №6 емханаға жұмысқа орналасқан ЖМК түлектерінің жетістіктері туралы айтты. Жас мамандарды қолдау шаралары туралы айтып, болашақ медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна Динара Байсеркинаны колледждің тарихымен, мамандарды даярлау бағдарламаларымен, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысымен, оқу базасының жағдайымен таныстырды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында елордалық емхананың бас дәрігері өңірлік симуляциялық орталыққа барып, оқытудың мұндай тәсілі практика үшін тамаша база болып табылатынын атап өтті. Сапар соңында Динара Сатжанқызы колледж жұмысына жоғары баға беріп, қызметкерлеріне оқу жұмысында табыс тіледі.

"Бүгінгі таңда көптеген медициналық ұйымдарда осы колледждің түлектері жұмыс істейді және перспективалы қызметкерлер болып табылады. Акбала Нурсеитовна-жоғары санаттағы кәсіпқой, оқу процестерін жаңғыртады, әрбір студентке сезімтал, студенттерді сапалы оқыту үшін барлық қажетті шаралар қолданады.

  • 001
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс