8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

2021 жылдың 25 қазан күні Жоғары медициналық колледжде ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай "Алаш партиясының құндылығы мен маңызы" атты тақырыпта "Ақиқат ұшқыны" дебат клубының алғашқы кездесуі өтті. Дебат көшбасшысы Тұрысбекова Аяжан клуб мүшелері кездесуінің ұйтқысы болды. Болашақ - жастардың қолында.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК 3 курс №133 "Мейіргерлік іс" тобы студенттері "Денсаулықты нығайту" пәнінен Нұр-Сұлтан қаласы №6 қалалық емханада клиникалық тәжірибеден өтуде.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Студенттік Парламент Мәдениет және өнер ФРАКЦИЯСЫ 2021 жыл 22-26 аралығында «Біз таланттарды іздейміз» атты шығармашылық жастар байқауына өтініштер қабылдау туралы хабарлайды!

Байқау қалай өтеді?

1) шығармашылық конкурс екі турдан тұрады:

- 27.10.2021 ж. - бірінші тур

- 29.10.2021 Ж. - екінші тур

22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы мен Студенттік Парламент мүшелерінің кездесуі өтті. Сындарлы диалог барысында колледж директоры студенттік өмірдің маңызды мәселелерін шешу және бастамашыл балаларды қолдау үшін студенттік өзін-өзі басқарудың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Ақбала Нұрсейітқызы фракция көшбасшыларың құттықтап, жас басқарушыларға колледж жастарының игілігі үшін өз қызметін жүзеге асыруда табыс тіледі.

Нұр-Сұлтанда алғашқы инклюзивті "Қанаттылар" театры ашылды. Ерекше театрдың 20 шақты әртісі бар. Оның қатарында 8 есту қабілеті нашар жан, 5 арбадағы жан, 3 көру қабілеті төмен және 2 ДЦП-мен (балалардың целебралды сал ауруы) диагнозы бар ерекше әртіс. Біздің колледж студенттері спектакль премьерасының алғашқы көрермендерінің бірі болды.

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "ASTANA POLYTECHNIC" Жоғары колледжінің "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі "Астана-адалдық алаңы" жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің слетін өткізді.

Слеттің тақырыбы: "Терең парасаттылықтан жоғары кәсіпқойлыққа дейін". Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің атынан 25 студент-колледждің "Саналы ұрпақ " жобалық кеңсесінің мүшелері қатысты.

Кездесу ұйымдастырушылары атап өткендей, слеттің мақсаты - жастардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықты өзгертуде жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс