8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

24.12.2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде әдістемелік кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындалау. Баяндамашалар: Туканаева С.С., Каримбаева Б.Ш., Акбергенова А.И.
  2. Қашықтықтан оқыту технологиясынның инновациялық оқыту әдістері. Этнопедагогика элементтерін физиология сабағында қолдану. Баяндамашы: Рахманбердыева З.Х.
  3. Оқытушылардың Біліктілікті арттыру курстардың өту нәтижесі бойынша есебі. Баяндамашылар: Манатова К.К., Ахметова К.Д., Балтабекова С.А.
  4. Құқықтық оқулар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметшілерінің әдеп Кодексі» Баяндамашы: Құлахметова Р.М.

2020 жылдың 23 желтоқсаны күні «Түркістан жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК ұйымдастырған «Коронавирус (Pandemic Covid-19): оның салдары мен жеңудің ықтимал жолдары» атты Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен» ШЖҚ МКК екі студент қатысты. 3 курс студенті Тұрсын Ақжанат «Covid-19 кезіндегі медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі және алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша өз баяндамасымен сөз сөйледі. Жетекшісі Аренова Манаргуль Бейсембаевна.

Сонымен қатар, 2 курс студенті Тогтоосын Мөлдір Мұратқызы «Общие рекомендации, профилактика и безопасность медицинского персонала при Covid-19» тақырыбымен баяндама жасады. Жетекшісі Тукибаева Мадина Сериковна.

«Корифей» білім орталығының 2020 жылдың 7 қарашасы мен 30 желтоқсан аралығында ұйымдастырған оқушылар мен студенттер арасында ІІ Республикалық олимпиадасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен» ШЖҚ МКК химия пәні бойынша Бозбаева Гүлімжан Онаевна және биология пәні бойынша Тургынова Жадыра Орынбековнаның жетекшілігімен 8 студент қатысып, барлығы І дәрежелі дипломмен және сертификаттармен марапатталды.

«Жоғары медициналық колледждің» 131 «Медбикелік іс» тобы студентi Кенжебек Жадыра Республикалық «МЕНІҢ ТУЫМ. МЕНІҢ ОТАНЫМ» челленджін жалғастырады.

«Жоғары медициналық колледждің» 131 “Емдеу ісі-фелдьшер” тобының студенттерi Республикалық «Менің туым. Менің Отаным» челленджін жалғастырады.

«Жоғары медициналық колледждің» 131 «Медбикелік іс» тобы студенттері Республикалық «МЕНІҢ ТУЫМ.МЕНІҢ ОТАНЫМ» челленджін жалғастырады.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс