8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

"Денсаулыққа зиян келтіретін ақпараттардан аулақ болайык"

Осындай тақырыпта бүгін онлайн кездесу өтті. Кездесуде колледждің студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты. Диалог барысында қатысушылар интернеттегі пайдалы ақпаратты пайдаланушыға зиян келтіретін ақпараттан ажырата білудің маңыздылығы туралы талқылады. Кездесу "Өмірге "ИӘ" деп айт" қалалық ақпараттық акциясы аясында өтті.

25 наурыз күні «Рухани жаңғыру» аясында Жоғары медициналық колледж базасында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер, ақын Серікзат Дүйсенғазинмен кездесу өтті.

Кездесу барысында «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» бағдармалық мақала шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесі ұйымдастырған «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» қысқамерзімді оқыту семинар-тренингіне қатысқан үшін колледждің оқытушылар қатарындағы қатысушылары арнайы сертификатпен марапатталды. Кездесу соңында айтыскер колледж ұжымына музыкалық шығарма арнады.

25.03.2021 ж оn-line түрінде педагогикалық кеңес өткізілді

Күн тәртібінде келесідей сұрақтар қаралды

  1. Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша Қорытынды мемлекеттік аттестациясының қорытындысы. Баяндамашы: Бөлім меңгерушісі
  2. Білім беру сапасының мониторингісі. Бітіруші топтардың тәжірибелік оқытудың дескрипторлары (білім кесіктерінің талдау нәтижелері). Баяндамашы: Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
  3. Оқыту сапасының негізі – оқытушының заманауи көзқарасында. «Студенттердің көзімен қарағандағы, оқытушы...» сауалнамасының нәтижесі. Баяндамашы: Колледж психологы
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметінің Ережесімен таныстыру. Баяндамашы: Колледж заңгері
  5. Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік іс жүргізу кодексі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың жаңа тәртібімен таныстыру. Баяндамашы: Колледж заңгері
  6. Әртүрлі сұрақтар.

Оқытушылардың назарына бітіруші топтардың білім сапасын арттыру туралы, білім кесіктерінің нәтижесі бойынша қосымша сабақ өткізу туралы айтылды. Сонымен қатар, педагогикалық ұжымға санитарлық-эпидемиялық жағдайларды қатаң сақтауды ескертті.

Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзі Туберкулезге қарсы күрес күнін атап өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен белгіленген бұл күн жыл сайын әртүрлі ұранмен өтеді. Туберкулездің алдын алу және анықтау, туберкулезге қатысты әр адамның белсенді өмір сүру жағдайын қалыптастыру жөніндегі білім-білік деңгейлерін көтеру мақсатында біз сіздердің назарларыңызға ақпарат ұсынамыз.

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс