25.03.2021 ж оn-line түрінде педагогикалық кеңес өткізілді
Күн тәртібінде келесідей сұрақтар қаралды
- Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша Қорытынды мемлекеттік аттестациясының қорытындысы. Баяндамашы: Бөлім меңгерушісі
- Білім беру сапасының мониторингісі. Бітіруші топтардың тәжірибелік оқытудың дескрипторлары (білім кесіктерінің талдау нәтижелері). Баяндамашы: Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
- Оқыту сапасының негізі – оқытушының заманауи көзқарасында. «Студенттердің көзімен қарағандағы, оқытушы...» сауалнамасының нәтижесі. Баяндамашы: Колледж психологы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметінің Ережесімен таныстыру. Баяндамашы: Колледж заңгері
- Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік іс жүргізу кодексі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың жаңа тәртібімен таныстыру. Баяндамашы: Колледж заңгері
- Әртүрлі сұрақтар.
Оқытушылардың назарына бітіруші топтардың білім сапасын арттыру туралы, білім кесіктерінің нәтижесі бойынша қосымша сабақ өткізу туралы айтылды. Сонымен қатар, педагогикалық ұжымға санитарлық-эпидемиялық жағдайларды қатаң сақтауды ескертті.