8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Қазақстан - Тәуелсіз Мәңгілік ел! Ел басына күн туған қиын замандарда ата-бабамыз бірлік пен тұтастықты ту етіп, еліміз бен байтақ жерімізді жаудан қорғап, бізге аманат етіп қалдырған. Тәуке ханның тура жолын, Абылай ханның сара жолын жалғастырып келе жатқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің елдегі болып жатқан қоғамымызға жат іс-әрекеттерге орай жасаған Үндеуін толық қолдаймыз. Мәңгілік еліміздің Туы көк аспанымызда еркін желбіреп, Әнұранымыздың шарықтауы бізге рух береді.

Бұл - біздің Отанымыз.

Ел тыныштығы мен тұтастығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген ерлеріміздің алдында басымызды иеміз. Соқпағы мол қиын жолда жанын қиған азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз.

Ел тыныштығы - бірлікте! Елдегі болып жатқан уақытша қиындықты Қазақ елі бірге жеңетіндігімізге сенімдіміз! Барлық қазақстандық бауырларды сабырға, төзімділікке, парасаттылыққа шақырамыз!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК ерікті студенттерінің 2021 жылдың 27-31 желтоқсан аралығында «Қуаныш сыйлайық!» акциясы аясында колледжде білім алып жатқан тұл жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушыларға көмек қолын созды.

Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде ағымдағы жылдың 7-14 желтоқсан аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арналған “Жас қауырсын” ақындар клубы студенттерінің ұйымдастыруымен өткен “Жырым саған арналады, Туған жер” атты жас ақындар мүшәйрасы өз мәресіне жетті. 22 желтоқсан күні колледж базасында колледждің Аккредитацияға орай ұйымдастрылған іс-шарасыңда ақындардың марапатауы болды.

2021 жылдың 22 желтоқсан күні колледждің оқу-тәрбие бөлімі колледжді аккредитациялау аясында өнегелі сағатын көрсетті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шара ҚР «Ұлттық ұлан» курсанттарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын құрметпен кіргізіп, Әнұранмен басталды.

«Сөз зергері» клубының мүшелері Қаз дауысты Қазыбек бидің хонтайшыларға қазақтарды таныстыру сәтінен көрініс қойды.

Колледж студенттері «Жылдар шеруі» парадын жасады. Мазмұнды да, қызықты өткен шара келген қонақтардың көңілінен шықты. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада біздің колледждің үздік студенттеріне де құттықтау сөздері айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, "Медициналық және әлеуметтік күтім" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2021 Республикалық кәсіби шеберлік байқауының нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің түлегі Амантай Сәлима бірінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің Алтын медалімен және дипломымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілген салтанатты іс-шара өтті.

Колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна "Ерен еңбегі үшін" үкіметтік медалімен марапатталды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс