«Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен үздік білім» атты сайыс-сабағы өтті
- Қаралды: 1384
2022 ж. 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК №1 арнайы пәндер онкүндігі жоспары бойынша «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен үздік білім» атты бітіруші топтар 3 курс студенттері арасында сайыс-сабағы өтті.
Сайыс-сабағы 5 турдан өтті.
І тур. Командалар сәлемдесуі (девиз, эмблеманы қорғау).
ІІ тур. Теоретиялық бөлім: конкурс қатысушылары компьютерлік тестілеуден өтеді.
ІІІ тур. Интеллектуальді бөлім:
1. Блиц - турнир БШАЫЖ бойынша 0-2 айға дейінгі және 2 ай-5 жасқа дейінгі балаларды жүргізу алгоритмдері, жалпы қауіп белгілері.
2. Мәселелі есептерді шешу (шұғыл жағдайлар және дәрігерге дейінгі көмек көрсету).
IV тур. Тәжірибелік бөлім (тәжірибелік ептіліктерді көрсету: спейсермен және небулайзермен ингаляция жүргізу, оральды регидратация жүргізу, ректальды диазепам енгізу, парацетамолды есептеп беру ептілігі, нәресте жүрек-өкпе реанимациясы, жел шығару түтікшесін, тазалау клизмасын жүргізу).
V тур. УПМ бағдарламасы бойынша презентация (УПМ Модуль №2)
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үш жеңімпазды анықтады:
- 1 орын 131 м/і Алимарданова Асылзат
- 2 орын 136 м/і Хутмерген Ахерке
- 3 орын 131 м/і Булатова Айгерім.
БШАЖ буклеттері сыйға берілді. Құттқтаймыз!