"Саламатты ұрпақ-нұрлы болашақ" бағдарламасымен кездесуі өтті
- Қаралды: 1022
Біздің колледж қабырғасында өткен маңызды іс - шаралардың бірі, 15 желтоқсанда сарапшылардың "Саламатты ұрпақ-нұрлы болашақ" бағдарламасымен кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты: діни сауаттылықты арттыру және жастардың бойында толеранттылықты қалыптастыру және қоғамдық бірлікті нығайту, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу.
Колледж студенттеріне үндеумен Діндерді зерттеу орталығының маманы, Нұр-сұлтан қаласының Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Темірлан Жанатұлы Советов, Нұр-Сұлтан қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Ильиных Сергей Сергеевич, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы Департаментінің бас маманы Аңсағанова Айгерім Аңсағанқызы, психолог, суицидолог Рашчук Александр, сондай-ақ "Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы"ММ өкілі сөз сөйледі.
Кездесу диалогтық форматта өтті. Қатысушылар студенттерге сұрақтар қойып, әр спикердің сөздерін аудитория үлкен ықыласпен тыңдады.