8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада біздің колледждің үздік студенттеріне де құттықтау сөздері айтылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада біздің колледждің үздік студенттеріне де құттықтау сөздері айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, "Медициналық және әлеуметтік күтім" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2021 Республикалық кәсіби шеберлік байқауының нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің түлегі Амантай Сәлима бірінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің Алтын медалімен және дипломымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша "ҚР колледждерінің ТОП 100 үздік студенті 2021" жобасының қорытындысы шығарылды: Жоғары медициналық колледждің үшінші курс студенті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірінші орынды және Республика бойынша төртінші орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада Жоғары медициналық колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна Амантай Салима мен Ақбөбек Жайлаубайға 100 мың теңгенің Құрмет грамоталары мен сертификаттарын табыс етіп, шығармашылық табыс тіледі!

 

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс