Балалардың әл-ауқатының қазақстандық индексін енгізу бойынша жобаның басталуы
- Қаралды: 1213
Өткен сағаттарда Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың әл-ауқатының қазақстандық индексінің жобасын ұсынды. Тұсаукесер Комитеттің YouTube-арнасында онлайн форматта өтті. Тікелей эфирге елордалық оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының өкілдері қосылды. Жоғары медициналық колледждің атынан директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Құлшәріп Ыбыханқызы, колледж психологы Құлахметова Рая Маханбетқызы, колледждің әлеуметтік педагогы Қожахметова Айгерім Нұрланқызы, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі комитеттің өкілі Қайыргелдина Айгерім Еркінқызы қатысты.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында Балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударған болатын. Атап айтқанда, бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылу, балаларды интернет-қудалаудан қорғау үшін шаралар қабылдау тапсырылды. Осылайша, "индексті енгізу балалардың түрлі салалардағы жағдайын жақсарту және өңірлер бойынша бөлу жөніндегі ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді".