8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Тәуелсіздік бізге не берді?»

Кулшарипа Ыбыханқызы, еңбек жолыңызды қайда және қай жылдары бастадыңыз? Сонымен қатар, сол жылдар мен бүгінгі күннің қазіргі атқарып отырған қызметіңіздегі айырмашылықтарын салыстырмалы түрде айтып өтсеңіз.

Мен еңбек жолымды 1984 жылы, Түркістан қаласы, «Қызыл әскер» орта мектебінде бастағанмын. Ол кездегі білім саласындағы жағдайды бүгінгі күнмен салыстыруға болмайды. Ол кездегі сабақ беруде қазіргі кездегідей компьютер, интерактивтік тақта секілді құрылғылар болмады. Қолымызда тек тақта, бор және плакат қана бар болатын, Ашық сабақтар болар кезде қаржыны қалтамыздан шығарып, барлық керекті көрнекі құралдарды қолмен дайындап, барымызша оқушыларға білім беруге тырысатынбыз. Сол кездерде әр мектепте бір ғана оқыту бөлмесі компьютермен жабдықталған, ал мұғалімдердерде компьютерлік сауаттылық болмады.

90 жылдардың басында еңбек жолыңызда қандай қиыншылықтар кездесті?

90 жылдардың басы дағдарыстар мен өзгерістер заманы болды. Оқытушылар 7-8 айға дейін өз жалақыларын ала алмай, түске дейін сабақ беріп, түстен кейін шаруашылық жұмыстарына араласып, күн көрістерін тапты. Сол жылдарыоқытушылардың  көп бөлігі сауда-саттық саласына кетіп қалды, ал нағыз өз мамандығын сүйетін оқытушылар барлық қиындыққа шыдап, осы салада еңбектерін жалғастырды. Жеке мен үшін өз  мамандығымөзіме маңызды болды. Мен мамандық таңдауда жаңылыспадым, өйткені бала оқыту мен тәрбилеу- менің өмірімнің мәні. Сол себепті мен осы қызметімде қалдым. Тәуелсіздік жылдарында «тәй-тәй басқан» Қазақстан бірден аяққа тұрып кеткен жоқ. Сол кездерде Елбасымыздың еңбегі өте зор болды. Елбасымыз Қазақстанды дұрыс жолға салып, еліміздің шекарасын белгілеп, бір сөзбен айтқанда, Қазақ деген елді дүниежүзіне мойындату жолында үлкен, күрделі жұмыстар атқарды. Кейін еліміз Тәуелсіздігін алып, өз алдына жеке мемлекет болғаннан кейін біртіндеп мемлекеттік тілі, мәдениеті мен әдебиеті оралып, оқытушылардың дәрежесі өсе бастады.

Елордаға көшіп келу.

Қазақстанның астанасы Сарыарқаның төсіне көшті дегенді естідік.Теледидар мен газеттерде Елбасымыздың осы тың идеяны көтергендігі туралы жарияланып жатты. Астанамыз бекітілгеннен бастап отбасымызбен Астанаға көшу туралы ойлана бастадық, сондағы мақсат-балаларымызды жаңа іргетасын қалаған Елордамызда оқыту болды. Солай, 2004 жылы арман қуып Елордамызға көшіп келдік. Біз келген жылы Астанада үлкен құрылыс жүріп жатты, сол жағалауда Бәйтерек монументі ғана болатын. Отбасымызбен Бәйтеректі көруге оң жағалаудан Есіл жағасымен жаяу келетінбіз. Астанамыз тез қарқынмен салынды, сонымен бірге біздің де болашаққа деген сенімділігіміз артты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар лек-легімен көшіп келіп жатты.Күннен-күнге қаламыз өсіп, көркейіп, көптеген ғимараттар, мекемелер, ауруханалар мен мектептер салына бастады.

Жаңадан көшіп келген менде алғашында қорқыныш болғанымен, кейін Астанамызбен біте қайнасып, үйренісіп кеттім. Мен тіл маманы болғандықтан, өзімнің тілді дамытуда қажет екендігімді сезініп, сенімділік пайда болды. Қабырғасын жаңа қалаған Елордамызда кәсіби мамандар тапшы еді. Мектептерге оқытушылар көптеп қажет болды.

«Тәуелсіздік бізге не берді» деген тақырыпта өз пікіріңізбен бөлісе кетсеңіз.

Тәуелсіздік еркіндікті, тыныштықты, Қазақстан деген алып елде отбасы, туыс-бауырыңмен бақытты ғұмыр кешуді, азаттықты берді.

Тәуелсіздікешбір ұлтта қайталанбайтын салт-дәстүрімізді, тіліміз бен дінімізді, ұлттық мәдениетімізді берді. Ұлы даланың мұрагеріне өз Туын, Елтаңбасын, Әнұранын, шекарасын белгілеп, шегелеп берді.

Біздің саламызға келсек, қазіргі кезде оқытушыларды үлкен қолдау бар, сапалы білім берудің әдістемелік жолдары, оған қоса техникалық құралдар көбейді. Білім беру саласында мүмкіндіктер өте көп. Тәуелсіз Қазақстан-мүмкіндіктер мекені. Тек алға мақсат қойып, оған жету жолында ерінбей, талмай, ізденіп еңбек ету керек.

Мен Тәуелсіз Қазақстанда өзімнің еркін екенімді сезінемін. Менің өз үйім-Отаным бар. Тәуелсіздік сөзі маған ерекше шабыт береді.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс