2020 жылдың 9 желтоқсаны күні Нұр-Сұлтан қ әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК «Қазақстан Республикасында медбикелік кәсібінің дамуы. Ғылым. Ізденіс. Жаңашылдық» атты ІІ Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты мен міндеті:
- Білім берудің қолданбалы бакалавриат бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың интеллектуалды бастамаларын дамыту;
- Ғылыми ойлау тәсілін дамыту, өз қызметіне шығармашылық тұрғыдан қарау үшін алғышарттар құру;
- Болашақ мамандардың жалпы және коммуникативті мәдениет деңгейін көтеру;
- Медбикелік іс төңірегінде ғылыми зерттеулерге ынталандыру;
- Оқу материалдарын қосымша меңгеруде ғылыми тәсілдер арқылы студенттерді дайындау сапасын жақсарту.
Негізгі бағыттар:
- Медбикелік кәсібінің негіздері;
- Қауіпсіз пациенторталықтандырылған медбикелік күтім;
- Әлеуметтік мәні бар аурулар тұсындағы медбикелік іс;
- Дәлелді медбикелік тәжірибені дамыту
Конференцияға 49 өтініш келіп, оның 23-і өз баяндамаларымен конференцияға қатысты.