8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де «Балаларға назар аудару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Онлайн кездесуге «Алматы» ауданы ОЮП ОМПС полиция капитаны Каримова Айсулу Амангелдиевна, №15 қалалық емхана дәрігері Ливак Яна Леонидовна және психологі Алиакпарова Жанна Амангельдиевна шақырылды.
Отбасындағы жасөспірімдердің қарым-қатынасына байланысты мәселелер айтылды. Жасөспірімдермен өтпелі кезең, кәмелетке толмағандардың деструктивті мінез – құлқы мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.