ONLINE түрінде педагогикалық кеңес отырысы өтті
- Қаралды: 1217
2021 жылдың 28 қаңтары күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК online түрінде педагогикалық кеңес отырысы өтті. Колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы Саржанова педагогикалық ұжымға күн тәртібін таныстыра отырып, отырысты ашты.⠀
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. ҚР ИСО 9001-2016 СТ талаптарына сәйкес белгіленген нәтижелерге қол жеткізу. Колледждегі қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындылары туралы және 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріне арналған міндеттер. Баяндамашылар: Бөлім меңгерушілері;
2. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 «Әлеуметтік көмек көрсетілген азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес колледж білім алушыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.⠀Баяндамашы: Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ахмет Г.Ы.
3. 2020 жылға колледждің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебі. Баяндамашы: Бас есепші Хамзина Ж.Т.
4. Сапалы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру. Баяндамашы: Колледж фельдшері Сарсенбаева А.Д.;
5. Қызметтік әдеп Кодексі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт. Академиялық ар-намыс Кодексі. Баяндамашы: Иранова А.;⠀Педагогикалық кеңес отырысында барлық сұрақтар қамтылып, шешім шығарылды.⠀