9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Жоғары медициналық колледж базасында іс-шара өтті
- Қаралды: 18
09.12.2024 ж. 09 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Жоғары медициналық колледж базасында іс-шара өтті. Білім алушыларға БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының мақсаты таныстырылып, сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екендігі айтылды.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға колледждің комплаенс-офицері Д.Б.Оразбеков қатысып, білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған құқықтық-нормативтік акттер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Студенттермен тренинг өткізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Мазмұнды өткен шара білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыруда маңызы зор болды.