8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
30.10.2024ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған студенттері Астана қаласы «Алматы» ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Жаугашева Анна Ералиевна, инспекторлар Бекенов Думан Дарханұлы, Алходжяева Айнұр Абдуохаповнамен кездесті.
Кездесу барысында қоғамдағы жастар арасындағы келіспеушілік, бірін-бірі қорқыту, жанжал туындауына себепші болу, түнде ата-аналарының рұқсатынсыз көшеде беймезгіл жүру сияқты келеңсіз жағдайлар орын алып жатқандығынан хабардар ете отырып, білім алушыларға ескертулер жасалды.
Кез келген тұлға ҚР Заңнамасына сәйкес жауап беретіндіктерін естеріне сала отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.