8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
14.05.2024ж. Астана қаласы әкімдігінің №3 «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері А.Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледждің кәмелетке толмаған студенттері арасында «Алкоголизм мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында алкоголь мен психотроптық заттарды теріс пайдаланудан туындаған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері айтылды, сондай-ақ салауатты өмір салты қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы мәселесі көтерілді. Маскүнемдіктің алдын алу мәселелерінде хабардарлықты арттыру бойынша студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.