Жоғары медициналық колледж «Ашық есік» күні аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастырды
- Қаралды: 112
29.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары 24.04 – 29.04.2024ж. аралығында Астана қаласы мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастырды.
№5 мектеп-гимназиясына оқытушы Майжанова Ғ.Т., №14 мектеп - гимназия – Манатова К.К., №79 мектеп - лицей – Егенбас Ә.Ж., №32 мектеп - гимназия – Теслина Г.Н., №48 мектеп - лицей – Құлахметова Р.М., №61 орта мектеп – Рахманбердиева З.Х. кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізуге барды. №32 мектеп – гимназиясына колледждің 3 курс «Мейіргерлік іс» тобы студенттері оқушыларға шеберлік класын ұйымдастырды. Медицина саласына қызығушылық танытқан оқушылар студенттермен бірге алғашқы медициналық көмек беруді көрсетті. Г.Николаевна жалпы колледж дайындайтын мамандықтар бойынша түсіндіріп, «Талапкер - 2024» ақпараттық материалдарын таратты, бейнеролик көрсетті.