01 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жоғары медициналық колледжде нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді
- Қаралды: 323
01.12.2023ж. 01 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жоғары медициналық колледжде нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, студенттердің мінез-құлық қауіп факторлары және олардың салдары туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің № 3 «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК өкілдері «Мінез-құлық қауіп факторы – нашақорлық. Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері, есірткі заттарын тұтынудан туындаған түрлі сипаттағы проблемалар, вирустық гепатит, АИТВ/ЖИТС сияқты есірткі құралдарын тұтыну арқылы таралатын аурулардың алдын алу мәселелерінде хабардарлықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.