8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
03.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж Астана қаласы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағытында өз жұмысын жалғастыруда. Ашық есік күніне қаланың №93 мектеп-лицейі мен №14 мектеп-гимназия оқушылары келді.
Оларға колледждің акт залында колледж тарихы мен колледж дайындайтын мамандықтар жайлы видеоролик көрсетілді. Колледждің бірінші қабатында орналасқан оқу залында болып, студенттерді қамтамасыз ететін кітаптар қоры мен қосымша материалдарын көрді. Пән кабинеттерде болып, оқытушылардың медицина мамандығы жайлы ақпараттарын тыңдап танысты, мастер-кластарына қатысты. Оқытушыларға ризашылығын білдірді.