«Жұмыс беруші күні» атты іс-шара өтті
- Қаралды: 806
2022 жылғы 15 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК «Жұмыс беруші күні» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: орта медицина қызметкерлерін даярлау сапасын арттыру үшін жұмыс берушілермен ынтымақтастықты одан әрі ынталандыру.
Іс-шараға Астана қаласының 20 практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен өкілдері (дуальді оқыту және мақсатты оқытумен айналысатын медициналық ұйымдарының басшылары), «Парыз» мейіргерлер ісі мамандары РҚБ өкілдері, оқытушылар, студенттер және түлектер қатысты.
Іс-шара аясында оқыту жүргізілетін мамандықтар туралы бейнеролик көрсетілді, колледжді аралау экскурсиясы, тиімді ынтымақтастық және дуальді оқыту бойынша дөңгелек үстел, тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. «Жұмыс орнында бітірушілермен жұмыс жасауды ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді.
№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, «Стом-Ас» стоматологиялық емханасымен бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
13 медициналық ұйымның жұмыс берушілері табысты ынтымақтастық үшін Қазақстан Республикасы Білім министрінің, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының және Жоғары медициналық колледжінің алғыс хаттарымен марапатталды.