8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Назар! Хабарландыру!

2022-2023 оқу жылына колледжге қабылданған 1 курс студенттеріне жатақхана беру 27 тамыздан бастап сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін іске асырылады. Жұмыс күндері дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.


Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13487 болып тіркелді.

Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібі

8. Конкурстық комиссия ЖЖОКБҰ немесе ТжКБ жатақханаларынан орын бөлуді осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде немесе порталға электрондық түрде берілген өтініш негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ТжКБ стандартының және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЖЖОКБҰ стандартының 8-тармағында көрсетілген қызметті алушының мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

ЖЖОКБҰ-ның немесе ТжКБ-ның осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсете отырып, құжаттарды алғаны туралы қолхаты қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" құжаттар топтамасын қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ЖЖОКБҰ немесе ТжКБ өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

ЖЖОКБҰ немесе ТжКБ кеңсесі өтініш берген күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті комиссияның қарауына береді.

ЖАТАҚХАНА ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (кәмелеттік жасқа толмағандар үшін ата-анасы немесе сенімді өкілінің жеке бас куәландыратын құжат көшірмесі);
  2. Отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін, толық емес отбасы), отбасында 4 және одан көп баланың болуы туралы анықтаманы (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтаманы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
  3. Жатақханаға тұру құны жылына 60.000 (алпыс мың) теңге.

 

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс