«Біз тәуелсіз Қазақстанның сыбайлас жемқорлықсыз дамуын қолдаймыз» тақырыбы аясында кездесу өтті
- Қаралды: 644
9 желтоқсан күні Жоғарғы медицина колледжінде Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күніне орай «Біз тәуелсіз Қазақстанның сыбайлас жемқорлықсыз дамуын қолдаймыз» тақырыбы аясында кездесу өтті.
Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының “Нұр-Отан” партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ, белсенді, «Astana-Adaldyq Alany» жобасының менеджері Сиптанов Мухамет Қанатұлы баяндама сөз сөйледі. Кездесу жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Орта мамандандырылған оқу орындарында жұмыс жасайтын "Саналы ұрпақ" жобасының артықшылықтары аталды. Кездесу пікір алмасу форматында өткендіктен жас білім алушылар өз жоспарларымен бөлісті. Жобалық кеңсемен бірлесе атқаратын арнайы ұсыныстарын жолдады.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі.