Cыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша кездесу өтті
- Қаралды: 471
Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша белсенді азаматтық ұстанымды және жастар арасында еркіндік, отбасы құндылықтары, жеке кеңістік және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы тұрақты дүниетанымдық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында Жоғары медициналық базасында студенттермен кездесу өтті.
Ашық диалогқа Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Амантай Ғалымжан Амантайұлы, Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының өкілдері Рахметуллин Дәулеткерей Рахметтоллаұлы, Алиев Кабдулла Хамитович, Каппаров Дарын Куралович қатысты.
Шара барысында жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.