8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

13.04.2021 Ж. Нұр-сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының маманы Бекишева Индира Галимовна және бөлім басшысы Байбусинов Айбар Анарбекович діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында колледж оқытушылары мен студенттеріне "Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі" тақырыбында дәрістер оқыды.

Ағымдағы жылдың 02 сәуір күні «Сөз зергері» дебат клубы мүшелерімен студенттер арасында «Айтыс – жастар көзқарасында...» атты дебат өтті. Ж.Жабаевтің 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған дебатта білім алушылардың айтыс өнеріне деген көзқарасы талқыланды. Сөз қадірін білген қазақ халқының құндылықтары жайлы сөз қозғалды.

Сәуірдің екінші жартысынан елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталмақ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымда вакцинация алу бойынша нұсқаулық ұсынып отыр.

  1. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында алуға болады және ол екі кезеңмен  21 күндік айырмашылықпен жасалады;
  2. Жеке басты куәландыратын құжатымен «өз емханасына» дәрігердің шақыруымен келуі жеткілікті;
  3. Емханадағы тіркеу орнында вакцинация жүргізілетін кабинеттің нөмірін анықтаңыз. Жалпы, емханаға кірерде вакцигнация жүргізілетін ем-шара бөлмелері белгіленген;
  4. Екпе алмас бұрын пациент міндетті медициналық тексеруден өту тиіс. Оған коронавирусқа қарсы вакцина алу бойынша алгоритм түсіндіріледі;

Өткен сағаттарда Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың әл-ауқатының қазақстандық индексінің жобасын ұсынды. Тұсаукесер Комитеттің YouTube-арнасында онлайн форматта өтті. Тікелей эфирге елордалық оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының өкілдері қосылды. Жоғары медициналық колледждің атынан директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Құлшәріп Ыбыханқызы, колледж психологы Құлахметова Рая Маханбетқызы, колледждің әлеуметтік педагогы Қожахметова Айгерім Нұрланқызы, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі комитеттің өкілі Қайыргелдина Айгерім Еркінқызы қатысты.

СӨС оқытушысы Тохтар Толеуханович коронавирустық инфекциядан алдын алу бойынша үшінші курс (оффлайн оқыту) студенттерімен кездесу өткізді. Дәріс барысында презентация көрсетілді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс