+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

02.02.2023 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары Михайлов О.Ж. Тұрғынова Ж.О. Ә.Бөкейхан атындағы BINOM мектебі және №58 мектеп – гимназиясы ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру бойынша «Ашық есік» күніне қатысып, ата-аналар мен оқушыларға колледждің медициналық мамандықтары туралы ақпарат берді.

31.01.2023 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. №10 мектеп-гимназиясы, №16 орта мектеп, №59 мектеп-лицей, №51орта мектеп, №19 орта мектеп, №3 мектеп-гимназия, №60 мектеп-лицей, №41 орта мектеп, №43 орта мектеп, Қосшы №2 жалпы орта мектебі, №23 орта мектеп, №45 орта мектеп қабырғасында болып, мектептің 9-11 сынып оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар бойынша толық ақпараттар берілді. Қызығушылық танытқан оқушыларды колледжде өтетін «Ашық есік» күніне шақырды.

25.01.2023 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары қала мектептеріне барып оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. №84 мектеп-лицей, №86 мектеп-гимназия, №72 мектеп-лицей, №25 орта мектеп қабырғасында болып, мектептің ата-аналар жиналыстарына қатысты.

Ата-аналар мен оқушыларға колледж дайындайтын мамандықтар жайлы бейне-ролик көрсетіп, ақпараттық материалдарын таратты. Медицинаға қызығушылық  білдірген оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

19.01.2023ж. Жоғары медициналық колледждің Студенттік Парламент мүшелері мен волонтер студенттері жалпы қалалық «Қар десанты» еріктілер жарнасы аясында көтеріңкі көңіл-күймен флешмоб биледі.

19.01.2023ж. Жоғары медициналық колледждің Студенттік Парламент мүшелері мен волонтер студенттері жалпы қалалық «Қар десанты» еріктілер жарнасына қатынасты.

Жарна барысында білім алушылар көтеріңкі көңіл-күймен флешмоб билеп, соңынан колледж маңын қардан тазалады.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс