8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Жас оқытушылар мектебінің отырысы online түрде өтті

12.11.2020 ж. Жас оқытушылар мектебінің отырысы өтті (онлайн түрде). Білікті, тәжірибелі оқытушы Жаупанова Зубайда Жумабековнаның «Баланың физикалық дамуының мониторингы» тақырыбы бойынша шеберлік-сынып өтізді.

Тәлімгерлер жас мамандармен жасап жатқан жұмыстары туралы айта келіп, сонымен қатар құжаттарды рәсімдеуде, сынақтар мен емтихан сұрақтарын дайындауда қолдау көрсететінін мәлімдеді.Ахметова Г.Б. жас маман Битенова Т.Ә. тәлімгері болып табылады. Гулдана Барысбековна оқу үрдісі, сабақ беру, құжаттармен жұмыс жасауды жас оқытушыға жан-жақты түсіндіргенін, кез-келген уақытта қандай сұрақпен хабарласса да үнемі жауап беріп, қолдау көрсететінін мәлімдеді. Тоғжан Әбдімәлікқызының өз ісіне тиянақты, алғыр маман екендігі туралы айтылды. Манаргул Бейсембаевана оқу-орнын биыл бітіріп келген жас маман Охасова Гүлназ Кенжетайқызына тәлімгерлік етеді. Жұмыс бағдарламасы, силлабус жасауда бағыт-бағдар бергенін, оқу-әдістемелік нұсқаулық жасауда көмектесіп, немен толықтыру керек, сабаққа қандай материалдар қолдану керектігі айтылғандығын мәлімдеді. Жас маман клиникада жұмыс жасағандықтан тәжірибе алмасу да орын алып, өзіне қажетті қазіргі кезде қолданылатын хаттамалар мен бұйрықтарды алғанын айтты. Емтихан онлайн жағдайында болатындықтан тест, емтихан материалдарын құрастыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізгендігін атап көрсетті.

  • 01
  • 02
  • 03

Колледждің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында, «Құзіреттілік әдіс жаңа буын мамандарын дайындаудың критериі ретінде» атты әдістемелік тақырып келесідей ұсыныс орындайды:

  1. Білім және денсаулықсақтау бойынша бағдарламалық құжаттардың заңнамаларын орындау;
  2. Өзін-өзі дамытудың жекелеген жоспарын орындау;
  3. ЦӘК (ғылыми әдіс) жұмысының жоспарын құру;
  4. Сабақтарды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оқытушыларға ОӘК құруда ғылыми әдіс болып табылады.
  5. Оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін, соның ішінде IT- технологиясын оқу процесінде белсенді пайдалану.
  6. Оқу орынның институционалды және мамандандырылған аккредитация нәтижесі бойынша ұсыныстарды орындау (баспа қызметі);
  7. Тәлімгерлік;
  8. Колледж оқытушыларының кәсіби, педагогикалық қызметінің мониторингі (соның ішінде оқытушылардың аттестациясы);
  9. Семестр бойынша ЦӘК есебі (оқытушының рейтингтік картасын ұсынуымен).
2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс