8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсаны күні «Жоғары медициналық колледжде» «ҚР колледждерінің Топ 100 студенті» жобасының жеңімпазын құттықтау рәсімі өтті.
«Колледждердің 100 үздік студенті» жобасында белсенділік танытқаны үшін Құрбанбек Ақерке Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Алғыс хатымен, жобаға қатысқаны үшін Жайлаубай Ақбөбек Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Сертификатымен марапатталды.
“ҚР колледждерінің Топ 100 студенті” жобасының жеңімпазы атанған Ильясова Индираға ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Дипломдары табысталды, сонымен қатар, колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы Құрмет Грамотасымен және 50 000 тг суммасына Сертификатпен марапаттады.
Құттықтаймыз!