8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Ms.Teams платформасында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай онлайн – конференция өтті

2020 жылдың 27 қараша күні «Жоғары медициналық колледждің» Ms.Teams платформасында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тұңғыш Президент-Елбасының Қазақстанды ядролық қарусыз державаға айналдырудағы рөлі» тақырыбында онлайн – конференция өтті.⠀

Конференция Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика» кафедрасының доценті, т.ғ.к. К.Ш. Аубакированың және колледж администрациясы мен ұстаздарының қатысуымен өтті және қатысушыларға «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Парасатты шешім» деректі фильмі көрсетілді.

Сонымен қатар, 1-2 курс студенттері, атап айтқанда, 111 «емдеу ісі» «фельдшер» тобының студенттері: Қонарбай Мұқағали, Балтабай Құралай, Тұтқабай Сымбат осы аталған тақырыпта өз пікірлерін білдіріп, талқылауға белсене араласса, Теміржанқызы Арухан мен Азат Асем өз авторлық өлеңі мен эссесін оқыды.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс