26 қараша 2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде педагогикалық кеңес отырысы өтті. Колледж директоры Ақбала Нұрсейтітқызы Саржанова педагогикалық ұжымға күн тәртібін таныстыра отырып, отырысты ашты.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
- Мамандардың жаңа моделін даярлау және қалыптастыру үрдісінде психологиялық-педагогикалық сабақтастыққа жағдай жасау. І курс студенттерінің кәсіби бейімдеуі туралы. Баяндамашы: Колледж психологі – Кулахметова Р.М.
- Әлеуметтік әріптестік – кәсіптік білім беру сапасының кепілі. 2019-2020 оқу жылында колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы. 2018, 2019, 2020 жылдардағы түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингілеу. Баяндамашы: Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары – Кадышева И.В.
- Оқу үрдісіндегі цифровизаңия. «Platonus», «MS Teams» және Ұлттық білім беру базасы (НОБД) туралы жалпы мағлұмат. Баяндамашы: Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы -Абильдинова Г.С., Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы –Мукашева Т.К.
- Құқықтық оқулар. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасындағы ізгілік қағидаттары». Баяндамашы: Жалпыгуманитарлық пәндер циклінің төрайымы – Бутабаева С.Е.
Педагогикалық кеңес отырысында барлық сұрақтар қамтылып, шешім шығарылды.
Әдістемелік отырыс барысында Ақбала Нұрсейітқызы қашықтықтан оқыту кезеңіндегі оқытушылардың өз міндеттері мен оқыту тәртіптерін сақтауы туралы жалпылама айтып өтті.