Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4 маусымда «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафонын іске қосады, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.
Телемарафонның мақсаты – Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыру.
Телемарафонның бағдарламалық іс-шаралары мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында өтеді.
Олардың ішінде:
- ақпараттық роликтер;
- мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат;
- патриоттық іс-шаралар.
@akimat__astana@jenis_qasymbek@baikenyesset #Астанарәміздеркүні #Астанаденьсимволов #Астанаелжүрегі #Астанасердценарода