Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК өрт қауіпсіздігі бойынша оқу сабағы өтті
- Қаралды: 540
ҚР "Азаматтық қорғау туралы" 11.04.2014 жылғы №188-5 Заңына және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылға, сондай-ақ өрт кезінде Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК (бұдан әрі-колледж) оқу корпусынан персоналды құлақтандыру және шұғыл эвакуациялау кезінде қызметкерлер мен студенттердің іс-қимыл дағдыларын жетілдіру мақсатында 30.05.2023 жылы "Эвакуация жүргізу кезіндегі жеке құрамның іс-қимылдары" тақырыбында объектілік өрт шыққан кезде жаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты:
1.Автоматты күзет-дабыл жүйесінің жұмысқа дайындығын және колледж студенттері мен қызметкерлерін қауіпсіз жерде хабарлау және жинау тәртібін тексеру;
2.Қызметкерлерді қауіп деңгейін бағалауға үйрету. Қауіпті жағдайда әрекет ету алгоритмінің дағдыларын игеру.
3.Оқу корпусында өрт туындаған кезде қызметкерлер мен студенттерді эвакуациялауға байланысты практикалық іс-шараларды пысықтау.
Жаттығу өтетін орны: колледждің негізгі корпусы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 16.
Жаттығу жетекшілері: жоғары медициналық колледж директорының м. а. - АҚ колледж штабының бастығы И. В. Кадышева, АҚ және ТЖ жөніндегі маман Д. У. Ногуманов