8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
07.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж Студенттік Парламентінің Дебат фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Гендік модификацияланған өнімдердің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өтті. Британдық формат түрінде ұйымдастырылған дебаттың басты мақсаты сыпайы қарым-қатынас, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, өзге адамдардың пікірін құрметтеу, дәлелдер келтіре отырып, кәсіби мамандыққа байланысты термин сөздерді қолдануды үйрену.
11 «Мейіргерлік іс», 13 «Мейіргерлік іс» топ білім алушылары арасында өткен дебатта тұтынылып отырған өнімдердің пайдасы, зияны жайлы өз пікірлері дәлелденді. Әділқазылар төрешілік етті.
Дебат соңында Дебат фракциясының көшбасшысы Қасен Азамат студенттерге Дипломдар табыстады.