«Жоғары медициналық колледж» түлектеріне диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті
- Қаралды: 1012
29.06.2022 ж. «Жоғары медициналық колледж» түлектеріне диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. «Сәт сапар, жаңа заман түлектері!» атты мерекелік іс-шараның бет пердесі ҚР Гимнімен және колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Диплом табыстау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасының директоры – Нурашева Сауле Қуанышқалиевна, Нұр-Сұлтан қаласы жедел медициналық жәрдем станциясы директоры орынбасарының м.а. – Садетхан Бота, «СтомАс» стоматологиялық орталығының директоры, доктор PhD – Жангереев Аслан Тулеушович шақырылды.
Колледждің 186 түлегіне диплом табысталды. Диплом алған түлектер колледж әкімшілігі мен ұстаздарына деген ыстық ықыластарын білдіріп, арнау өлеңдерін оқыды.
Іс-шара соңында қонақтармен естелікке суретке түсіп, ризашылықпен тарқасты.
Сәт сапар, саған жас түлек!