Республикалық референдум бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында оқытушылар мен студенттер арасындакездесу ашық диалогі өтті
- Қаралды: 1064
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні колледж базасында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сауал аясында өткізілетін Республикалық референдум бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында оқытушылар мен студенттер арасындакездесу ашық диалогі өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты Сартбаев Бауржан Мейрамбекович, «Amanat» партиясының өкілдері қатынасты. Кездесу барысында ҚР Ата Заңына өзгерістер енгізудің мемлекеттік маңызы туралы айтты. 2022 жылдың 5 маусым күні өтетін Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтық позицияны танытуға шақырды. Шара соңында оқытушылар мен студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.